Тиімді қызметпен танысты

(0 Votes)

Өткен аптада Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Электронды үкімет» веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану және ЭЦҚ алу тәртібін түсіндіру үшін аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығынан арнайы маман келіп, колледж кітапханасында семинар өткізді.

Семинарға білім алушылар және қызметкерлер қатысты. Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында е-gov электронды үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы насихаттауды мақсат еткен кездесу барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары электронды қызметтер туралы барлық ақпаратты берді. Колледж студенттері маманға әр түрлі сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтер мен кеңестер алды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан келген маман электронды қызмет алудың артықшылықтарымен қоса, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз пікірін білдірді. «Электронды цифрлы қолтаңба» қызметтері арқылы анықтамалар алуды, балабақшаға кезекке қоюды т.с.с қызмет түрлерін ешқайда бармай-ақ, электронды (онлайн) түрде алу ең оңай әрі жеңіл тәсіл болып саналатындығы түсіндірілді. Семинарға қатысушылар өз ойларын білдіріп, электронды үкімет порталының тиімділігі мен мүмкіндіктері мол екендігін түсінді.

М.Ахатова,

кітапханашы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521