№208 референдум учаскесінде өз таңдауын жасаған Ақмарал Боранханова келешек үшін дауыс бергенін айтады.
“Жалпыхалықтық референдумға қатысып, дауыс беру жалпыға ортақ іс. Осы себепті менде өз таңдауымды жасадым”,- дейді педогог.
Еске салайық, №208 референдум учаскесі №2 бастауыш мектеп ғимаратында орналасқан.
Аталған учаскеде қазіргі уақытқа дейін 500-ден астам тұрғын өз дауысын беріп үлгерген.
Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.
Б.Асхатқызы