Тәрбиешілердің еңбегі ескерілді

(0 Votes)

Елбасы Жолдауында мектепке дейінгі білім беру мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл біздің сала қызметкерлері үшін ерекше жайт.

Өйткені әр отбасының еркесін өз ұясынан шеткерірек шығарып, өзге ортаға бейімдейтін балабақшалар. Ал, балабақша қызметкерлерінің, тәрбиешілердің бала тәрбиесіне аса мұқияттылығы мен ыждағаттылығы- бала болашағына жол ашады. Бөбекті мектепке дайындайы. Міне, осы көзге көрінбейтін жұмыстардың бәрі жалақысы төмен, бірақ, шаруасы көп тәрбиешінің қолымен жасалып жатады. Елбасы атап өткеніндей, саладағы біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттілігі туындағаны да біраз болды.

Дегенмен, сабырлылық, шыдамдылық қашан да жұмыстың жоғары нәтижеге жетуіне бастайды. Олай болса, алмақтың да салмағы бар екендігін ұғына еңбек ете беретін боламыз. Ел болашағын балабақшадан қалыптастырар педагогтардың аянбай еңбектене береріне сенеміз. Елбасының Жолдауы бізге, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне үлкен қолдау болып отыр. Біз де, Елбасының саясатын қуаттаймыз, қолдаймыз.

Ақтоты МҰХАНҒАЛИЕВА,

«Нұрбөбек» балабақшасының меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521