Сайлаушылардың белсенділігі жоғары

(0 Votes)

О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде орналасқан №210 сайлау учаскесі бұл күні келушілерді әсем сазды әуенмен қарсы алды. Көше бойын кеулеген көңілді және дәстүрлі әндер алыстан құлаққа шалынады. Соған орай осы орталыққа бет түзеген үлкен-кішінің де бет-әлпеттерінен жарасымды қуанышты, ынталы ұмтылысты байқауға болады.

 

— Біздің №210 сайлау округінде 1594 сайлаушы тіркелген. Таңертеңгі сағат жетіден сайлаушылар тобын әдеттегідей қоғамымыздың талай белестерін артқа қалдырған ардагерлер бастап келді, — деді бізге учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Лариса Балмағамбетова.

Бұл учаске де дауыс берген сайлаушылардың қатарында өзге ұлт өкілі, мұнайшы Ануар Шайхудинов болды.

— Бұл сайлаудың маңызы ерекше. Өйткені біз еліміздің тағдырын, келешек дамуын бүгінгі қалауымызбен байланыстыра аламыз. Мен өзім еліміздің тұрақты ілгерілеуі, күшті де қуатты мемлекеттің өркендей беруі үшін дауыс бердім. Республикамыздың одан әрі гүлденіп, жан-жақты дамуы үшін барлығымыздың бірлігіміз, ынтымақтастығымыз керек. Сондықтан да сайлаушы ретінде осындай игіліктер болуына тілектеспін,- деді Р.Шайхудинов.

Сайлау комиссиясының хатшысы Лариса Балмағамбетова бізге алғашқы дауыс беруші жастарға, сондай-ақ еңбек ардагерлеріне арнайы сыйлықтар берілгендігін айтты. М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521