«Qamqor» – кәсіпкер үшін қолжетімді көмекші

(0 Votes)

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті кәсіпкерлерге қөмекші құрал ретінде «QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.

Бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді. Сонымен қатар, қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар туралы барлық мәлімет, тексеру мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру сұрағы көрсетіледі. Осы және өзге де кәсіпкерлер құқығы жөніндегі мәселелер өткен аптаның ішінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде аудан прокурорының орынбасары А.Байбусыновтың қатысуымен өткен жиында қаралды.

Сондай-ақ, жиынға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Шаңғалаев, кент және ауылдық округ әкімінің өкілдері, аудандық Кірістер басқармасының басшысы Б.Жарылғапов, аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Тоғаева, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Е.Қадыралиев, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Г.Едігеева және жеке кәсіпкерлер қатысты.

2018 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап мемлекеттік органдар, прокуратура органында тіркелген электрондық актіні өздерінде басып шығарып, оны кәсіпкерге ұсына алады. Мұндай жаңалықтар ресурстарды үнемдеуге, акт тіркеу уақытты қысқартуға, негізсіз тексерулерді жоюға және басқа да артықшылықтарға ие. Электрондық акттың QR-коды (графикалық кілт) болады.

–Кәсіпкер электрондық акттен үрейленбеуі керек, себебі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құжат электронды-сандық нысандағы ақпараттардан құралады, электронды-санды қолтаңбамен куәландырылады және оның заңды күші қағаз үлгідегі қол қойылған құжатпен тең жүреді. Өз кезегінде кәсіпкер оның түпнұсқа екенін «Qamqor» қалта көмекшісі арқылы тексере алады, – деді А.Байбусынов. Жиын барысында жеке кәсіпкерлерден түскен ұсыныстар мен қойылған сұрақтарға құзыретті органдардың мамандары жауап берді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521