Олар қоғаммен бірге

(0 Votes)

Партиялық жобалардың бірі «Кедергісіз келешек» аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау акциясы өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиал ғимаратына жиналған мүмкіндігі шектеулі азаматтар көкейдегі сауалдарын қойып, өз мұқтаждықтары туралы сауалдарын алға тартты. Олардың әрдайым қоғаммен бірге екенін сезініп, әлеуетін зерделеп, қолдау партия жобаларынан да тыс қалмаған.

Акцияға аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық орталық аурухана мамандары, кент әкімдері мен мүгедектер қоғамының төрайымы және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Акция барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мендалиева: Елбасы «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында елімізде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмектесуге және олардың белсенді өмір сүруіне ықпал жасауға байланысты маңызды тапсырмалар бергенін атап өтті.

Акцияға қатысушылар «Сириус» оқу орталығының ғимаратына қосымша жарық орнату, «Газшылар» ықшам ауданына әлеуметтік такси кіре алмауы салдарынан өсіп кеткен ағаштардың бұтақтарын кесу талаптарын қойса, кент әкімдігі тарапынан бұл мәселелердің шешімін табу көзделетіні ескертілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің ықпалымен азық-түлік себетін ұйымдастыру, жұмысқа орналасу қажеттіліктері туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қойылған сауалдарға жауап алған азаматтарға сонымен қатар, тұрғын үй алу кезегі туралы да кеңес берілді.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521