Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай "1001 мақал, 101 жұмабақ" танымдық сайысы өткізілді.
Сайысқа аудандық білім ордаларынан төрт команда сынға түсіп, өз ара бақ сынасты. "Ат сүрінгенше ақыл тапқан" елдің ұрпағы болғандықтан сайыста дұрыс жауаппен қатар жылдамдық та ескерілді.
Алғашқы "Тапқыр болсаң жауап бер" деп аталатын кезеңде сайысшылар жасырылған жұмбақтарға жауап берді. Екінші кезеңде ребустарға жасырылған мақал-мәтелдерді анықтап, әрі қарай жалғасын толықтырды. Үшінші кезеңде шәкірттеріміз мақалдың жалғасын табарда сәл кібіртіктеп қалып жатты. Тіпті күнделікті жиі қолданатын мақалдардың жалғасын таба алмай тосылып қалғандар да болды. Төртінші кезең "Суреттер сөйлейді" деп аталды. Бұл кезеңде оқушылар берілген суреттерден сөз құрап, ой ұшқырлығын сынға түсріді.
Төрт кезең бойынша тартысқа түскен командалардың арасында Л.Шахатов пен Х.Санбаев атындағы орта мектеп шәкірттерінің ұпай саны тең болғанымен Ая мен Сұлтанбектің жылдамдығы жоғары болды. Осылайша Х.Санбаев атындағы білім ордасының шәкірттері жеңімпаз атанып, арнайы алғас хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
А.САДЫКОВ