Мақатта "Құпия Quest" ойыны өткізілді

(0 Votes)

Бүгінде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін әлеуметтік желінің шырмауында.

Әсіресе жастар жағы ұялы телефонға үңіліп, алтыннан қымбат уақыттарын қалай ұрлатып жатқандарын өздері де аңғармай қалуда. Жалындап тұрған шағында жақсылыққа жарысудың орнына, жағымсыз әдеттермен қабысуы көбейіп кеткені де жасырын емес. Ал, бұндай сәтте ашық аспанның астында бой сергітіп, ой жарыстырудың маңызы зор. Дүйсенбіде "Жеңіс саябағына" жиналған жастардың да басты көздегені осы еді. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Құпия Quest" интеллектуалды ойынында алдымен аудан әкімінің орынбасары О.Айкашева сөз алды.

qupia

"Бүгін бастамаларыңыз өте құптарлық іс деп ойлаймын. Өйткені, бүгінгі қоғам вертуалды әлемге еніп бара жатқандай. Мына ойын ретінде ойлы дүниеге көңіл аудартуға тырысып отырған шараның маңызы зор деп есептеймін. Істеріңізге сәттілік тілеймін!",-деді ол.

qpia-2

Сондай-ақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Жұмағалиева да жас ойыншылардың бастамасын құптап, жалғасын табатынына сенім білдірді. Бұған дейін көршілес аудандардың тәжірибесінен өткен аталмыш ойын аудан жастары арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Ойында "Жігер" және "Сыныптастар" командалары бақ сынасты. Он тапсырмадан құралған ойын кезеңіне 15 минуттан уақыт берілді. Екі топқа бөлінген 12 ойыншы ойын шарты бойынша берілген тапсырмаларды кезең бойынша орындап, соңғы тапсырманың шешімін бірінші болып тапқан "Жігер" командасы жеңіске жетті.

"Алдағы уақытта осы секілді өзге де қызыққа толы ойындар ұйымдастырылу жоспарда",- дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы міндетін уақытша атқарушы А.Есенаманова.

 

А.САДЫКОВ

Сурет автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521