Мақатта карантин тоқтатылды

(0 Votes)

 Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 маусымдағы №15 ПВГр «Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы қабылданып, жарияланды.

Аталған қаулыға сәйкес:
1. Мақат ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін шектеу іс-шаралары сақталады;
2. 2020 жылғы 11 маусым сағат 07.00-ден бастап эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін Мақат кентінде шектеу іс-шараларын сақтай отырып, карантин алынып тасталады;
1) азаматтардың тұратын және жүріп-тұру орындарынан шығуына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, маскалық режимді және 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып жол беріледі;
2) осы қаулымен шектелген қызмет салаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 және 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №37, №38) қаулыларының қосымшаларындағы алгоритмдерге сәйкес уақытша шектеулерді алып тастау және барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын штаттық режимде қайта басталады.
3. 2020 жылғы 11 маусым сағат 07.00-ден бастап кентаралық блок бекеті (Доссор және Мақат кенттерінің арасында Мақат-Индер теміржол өткелінен, Көкайдай ата қауымының аумағы) алынып тасталады.
Бұл шаралар сонгы 1 аптада Мақат кенті көлемінде жаңадан Covid-19 инфекциясын жұктырган адам тіркелмеуіне орай, блок –посттар алынып, бірқатар жеңілдетілген шектеу шаралары қабылданып отыр.
Алайда, тұрғындар тарапынан «карантин» алынды деп сақтық шараларын сақтамай, қауіпсіздік ережелерін ұмытып кету деген сөз емес.
Құрметті тұрғындар! Өздеріңізбен, баларыңыздың, тума-туыстарыңыздың қауіпсіздіктері үшін, күнделікті инфекциядан сақтану ережелерін қолданып, бетпердемен, антисептиктер пайдаланып, адам көп шоғырланатын жерлерде ара-қашықтықты сақтап жүру қажеттілігін ұмытпаңыздар!

Мақат аудандық жедел штаб орталығы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521