Көрісу басталды

(0 Votes)

Еліміздің батыс өңірінде 14 наурыз күні бір-бірімен көрісу - дәстүрлі жалғасын тауып келе жатырған ғұрып. Бұл күнді аудан тұрғындары ерекше көңіл-күймен қарсы алып, аудандағы халық көп жиналатын орталарда мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік шарадан табылған аудан орталығындағы өнер мектебінің «Балалар ұлт-аспаптар ансамблі» орындаған шығармалар келушілерді сергітсе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұлттық киіммен наурыз көжесі мен бауырсағын ұсынған қызметкерлердің ілтипатына келушілер де риза.

Өлкемізге «Амал мерекесі келді»- деп, бір-бірімен төс түйістіре амандасып, қол алысып, көрісу ғұрпын танытқан көрініс аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің қонақ күтуінен ерекше көрініс тапты. Мәдени ошаққа жиналған өнерпаздар мен «Сириус» оқу орталығының тәрбиеленушілері көрісу амалы күні бір-біріне өкпелегендер татуласады, бір-біріне қонаққа барып, үлкенге, кіші сый-құрмет көрсетілетіні туралы рухани түсінік алды.

Қыз-келіншектер қазанға бадана бауырсағын қуырып, қыстың сүрі салынған наурыз көжесін сапырды. Ұлт мәдениеті мен дәстүрін танытатын амал күні «Әжелер ансамблі» халық әндерін шырқап, мерекенің көркін келтірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521