Болашақ білімді жаста

(0 Votes)

Демократияның басты шарты - халық үніне құлақ асу. Ал кешегі өткен сайлау азаматтық қоғам құру жолындағы мемлекеттің азаматтары үшін өз таңдауларын жасауға берілген басты мүмкіндік.

Кандидаттар өз үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізді. Аз уақытта бедел жинап алуға тырысты. Барлығының бағдарламасын ой елегінен өткізген халық өз болашағы үшін дауыс берді. Жеңіске жеткен жан еліміздің алдағы жеті жылдағы даму процесіне жауапты.

Біз әлемдегі бай мемлекеттердің қатарына қосылуымыз үшін өндірісті көбейтумен қатар, ғылым саласына да көбірек назар аударуымыз керек. Себебі ресурстарымыз таусылғанда біздің басты үміт артарымыз сауатты ұрпақ болады.

"Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік", - деген екен Абылай хан. Ендеше болам деген бала болса, бетін қақпай, белін буайық.

Ә.Мендалиева

Мақат ауданының Құрметті азаматы

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521