Ауданда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында аудан аумағында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
Акция шеңберінде “Үздік көше” номинациясы бойынша Доссор кенті, М.Өтемісұлы 133 көшесінің тұрғындары жеңімпаз деп танылды.
Оның ішінде аталған көшенің тұрғыны Гүлзада Ризақызы өзінің ауласы мен көшесінің тазалығына ұдайы көңіл бөліп, көрші тұрғындарды да белсенділікке тарта білді.
Бұл номинация тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға серпін беріп отыр.
Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі