Мақат ауданында жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де 12 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Олар сағат 20.00-ге дейін ашық болады.
Оның алтауы Мақат, бесеуі Доссор кенттерінде және біреуі Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасқан.
Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар кедергісіз кіріп-шығуына пандустармен, белгі тақтайшалармен және қажетті құралдармен жабдықталған.
Учаскелердегі сайлау комиссиясына 12 төраға, 12 орынбасар, 12 хатшы және 48 мүше бекітілген.
Сайлау комиссиялары дауыс беруге келген тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап наурыз көже және бауырсақ пен күтіп алуда.
М.Ізтұрғанова