Облыс əкімінің орынбасары Қайрат Бекенов облыс орталығындағы бірнеше əлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Еліміздің стратегиялық дамуының бес бағыты бойынша жүзеге асырылып жатқан студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету жоспарына сəйкес, көптеген нысандардың құрылысы жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары кəсіптік бағдар беру колледждерінің студенттеріне арналған 3 жатақхана құрылысының барысымен танысты. Сонымен қатар, нысандардың жыл аяғына дейін пайдалануға берілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.