Атырауда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойған болатын. Атырау облысының аудандарына қарасты ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 25 шілдеге жоспарланып отыр.

- Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және өз қызметін атқарып отырған әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді, – деді Азамат Айманакумов.

Сонымен қатар спикер әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау тағайындалған күннен бастап бір ай ішінде тағайындалады және бір ай мерзімде өткізілетінін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT