Мақат станциясы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аймағында 9-15 тамыз аралығында «Anti-Fraud» жедел профилактикалық іс шарасы өтуде.
Аталмыш іс шараның басты мақсаты ғаламтор алаяқтарын анықтау, қылмыстың жолын кесу. Қазіргі таңда елімізде еліміздің кейбір тұрғындары ғаламтор арқылы пайда табу мақсатында, халықтың сеніміне кіріп, алаяқтық тәсілмен ақша жымқыруда.
Осыған орай аудан тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Қылмыстың осы түрін азайту және болдырмау мақсатында тұрғындар қырағы әрі мұқият болуы керек.
Е.Құлманов
Мақат станциясы желілік полиция бөлімшесінің бастығы