Мақат ауданы прокуратурасымен а.ж. өткен мерзімінде 30 жеке қабылдау, сонымен қатар 3 халықпен және кәсіпкерлік субъектілерімен 3 кездесу өткізді.
Аудандық БАҚ-на және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желелеріне заңдарды түсіндіру және қылмыстық алдын алу бағытында 28 мақала жарияланды.
Жеке қабылдау және кездесу барысында әлеуметтік және құқықтық түрлі мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берілді.
Қолданысқа енгізілген «Прокуратура туралы» Конституциялық заңында прокурорлармен азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері өзгерді.
Осыған дейін көптеген шағымдар уәкілетті органдарға қарау үшін жолданып отырса, енді прокурорлар халықтың мәселелерін өздері қарайтын болады.
Ол үшін прокурорлармен қаралатын шағымдардың тізімі кеңейтілді.
Азаматтардың өтініштері бойынша мемлекеттік органдар әрекетсіздік танытса, прокурорлар ықпал етіп, тиісті шаралар қабылдайды.
Бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін болса, прокурор осындай арыздарды қарауға құқылы.
Сондай-ақ, егер адам физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларға және өзге де жағдайларға байланысты, өзінің құқықтарын қорғай алмаса, прокурор арыз/шағымдарды қарай алады.
Прокурорлардың жұмысындағы басты бағыттардың бірі адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, сондай-ақ ел аумағында заңдылықты қамтамасыз етуге тікелей бағытталған.
Аудан прокуратурасы