Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек

Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Бұл шешімнің қабылдануы тегіннен тегін емес. Өйткені, жұмысшы мамандықтарының сұранысы қазіргі уақытта түрлі салаларла айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар олар көптеген өндіріс және қызмет көрсету салаларында маңызды рөл атқарады. 

Жұмысшы мамандықтары қазіргі заманның талаптарына жауап береді және келешекте олардың маңыздылығы арта түседі деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі жастар аталмыш саланы меңгеруге білек сыбана кірісу керек. Ол үшін мемлекет тарапынан аталмыш мамандықтарға мемлекеттік гранттардың көптеп бөлінуін қамтамасыз ету керек.

Осылайша жас буынның жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, тегін білім алуына жол ашылар еді.

Бұл өз кезегінде білікті кадрларды дайындап, еңбек нарығына қажетті мамандардың толығыуына жол ашады деп ойлаймын.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT