Жастар қызмет алуға үйретті

(0 Votes)

Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен аудан жастары халық көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарға мобильді үкімет жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Халықтың көпшілігі қызметтерді дұрыс пайдалана алмайды. Уақытын кетіріп, кезек күтуден шаршайды. Азаматтардың дені e-gov электронды үкіметі туралы естісе де, халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырып жүр. Сондықтан да жастар электрондық қызметтерді алудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін халыққа жете түсіндіріп, мобильді қызметтердің қаншалықты ыңғайлы екенін айтып кетті. Смартфондары бар қолданушыларға «Play Market» арқылы «Telegram» жүктеуге болады. Мобильді қосымшаны активтендірген соң қолданушыға қызметтің кең спектрі қолжетімді болады. Мобильді жеке кабинетте қолданушыға мекен-жай анықтамасы, жылжымайтын мүлік, сотталғандығы бар/жоқ туралы анықтама, ХҚКО-да кезек брондау, жұмыс іздеу, дәрігерге тіркелу сынды сервистер қызмет көрсетіп, пайдалану жолдарын көрсетті. Мобильдік үкімет – бұл тұрғындардың көпшілігімен жасына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне және тұратын жеріне қарамастан, қарым-қатынас жасау үшін қолжетімді қызмет болып саналады.

Бөлім басшысы Э.Утебаева жастарға үлкен ризашылықтарын білдіріп, өз атынан алғыс хат табыс етті.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521