Тасқынынан зардап шеккен қызылқоғалықтарға өтемақы толық төленді

Тасқынынан зардап шеккен қызылқоғалықтарға өтемақы толық төленді
(0 Votes)

Келтірілген нұқсанды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға 70 өтініш түскен. Оның қорытындысы бойынша зардап шеккен 58 шаруа қожалығы мен 12 жеке тұлғаның қырылған 191 малына жергілікті және облыстық бюджеттен, сондай-ақ демеушілердің есебінен барлығы 61 млн 772 мың 062 теңге өтемақы төленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметі хабарлайды. 

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұхановтың айтуынша, арнайы құрылған комиссияға 31 тұрғын үй иесінен өтініш түскен.

⁃ Оның ішінде 7 тұрғын үй құжатының жоқ болуына байланысты кері қайтарылып, 24 өтініш қанағаттандырылды. Тұрғындардың шығынын техникалық бағалаушылар есептеді. Нәтижесінде 6 тұрғын үйге жөндеу жұмысы жүретін болды, ал 18 тұрғын үй апаттық деп танылды,- деді Қ.Әзмұханов.

Аудан әкімі бағалау жүргізуші мамандардың қорытынды хаттамаларын таныстырды. Өтініштеріне сәйкес 4 тұрғын үй сұраса, 20 азаматқа бағалау нәтижесіне сай баспананың қаржысы өтелді. Соған орай қазіргі уақытта Қоныстану ауылынан үш, Миялы ауылынан бір үйдің құрылысы жүруде. Шаруагер Сүйеуғали Дүйсәлиевтің айтуынша, төленген өтемақы құнына шаруасын ұлғайтып, мал санын көбейтпекші.

-Ертерек қамданып, малды биік жерге шығардық, десек те санаулы мал шығыны бар. Атап айтсақ 16 қой, 3 сиыр, 3 жылқы суға кетті. Комиссия келіп, суретке түсіріп, тексерді. Шығынымызды есептеп, өтемақы тағайындады. Мөлшері көңілімнен шықты. Үйіміз де пайдаға жарамсыз болып қалды, оған да төлем алдық,- деді С.Дүйсәлиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT