"Талшын" инклюзивті театры алғашқы гастрольдік сапармен Құлсарыға барып, спектакль қойды

"Талшын" инклюзивті театры алғашқы гастрольдік сапармен Құлсарыға барып, спектакль қойды
(0 Votes)

  Инклюзивті "Талшын" театры алғаш рет Жылыой ауданында гастрольдік сапармен өнер көрсетті. 

Әртістер жергілікті тұрғындарға "Шекарасыз шығармашылық" концерттік бағдарламасын ұсынды, кешкілік "Бір түп алма ағашы" отбасылық драмасын қойды.

  "Талшын" инклюзивті театрының концерттік бағдарламасына халық және эстрадалық әндер, би нөмірлері және мүгедектер арбасындағы вальс кірді. Концертке театр әртістері ғана емес, сонымен қатар жобаның достары — "Жаңаша" қоры іске асырып жатқан "Ешқашан кеш емес" бағдарламасына қатысушылар өнер көрсетті. Би және вокалмен айналысатын қарт адамдар көрермендерге шығармашылықтың жас шектеулері жоқ екенін дәлелдеді.

  - Мен бірнеше жыл бұрын жарақат алдым, содан кейін мүгедектер арбасына отырдым. Құлсарыға алғаш рет келуім. Осындай қуанышты себеппен Жылыой өңірін көргеніме қуаныштымын. Осы жылға дейін мен шығармашылықтан алыс болдым, бұрын сахнаға шыға аламын деп ойламадым. Бірақ театр мұғалімдері маған қорқынышты жеңуге көмектесті және мен көрермендердің алдында өнер көрсете алғаныма қуаныштымын. Осындай мүмкіндік үшін біздің жобаның ұйымдастырушылары мен демеушілеріне үлкен рахмет, - деді "Талшын" театрының әртісі Аслан Митанов.

Құлсарыға гастрольдік бағдарлама "Бір түп алма ағашы" спектаклінің көрсетілімімен жалғасты. Отбасылық драма алғаш рет осы жылдың жазында Атырауда көрсетіліп, көрермендердің көңілінен шыққан еді.

Жыл басынан бері "Теңізшевройл" компаниясының қолдауымен "Талшын" театры түрлі мүгедектігі бар адамдар қатысатын концерттер мен шығармашылық іс-шараларды белсенді өткізіп келеді. "Біз де адамбыз" қоры жүзеге асырып жатқан бұл жоба қарапайым сахнаға шығу қиынға соғатын адамдарға өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта театр труппасына ерекше қажеттіліктері бар 20-дан астам әртіс қатысуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT