Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты болып табылады.
Осы ретте, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Д. Китенбаевамен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқыту барысында, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру тәртібі туралы түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
ҚР Заңының талаптарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы»
ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтыны туралы атап өтілді.
Департаменттің баспасөз қызметі