Amazon компаниясының Қазақстанда жоғары жылдамдықты әрі қолжетімді интернет жобасын жүзеге асыруға ниетті болуы – еліміздің цифрлық даму бағытына берілген жоғары баға.
Дэвид Запольскидің мәлімдемесі Қазақстанның шетелдік ірі технологиялық серіктестер үшін сенімді және тартымды әріптеске айналғанын көрсетеді. Президенттің цифрлық трансформацияны дамытуға бағытталған бастамаларының нәтижесінде мұндай ауқымды жобалар жүзеге аса бастады. «Қазақтелеком» мен Amazon арасындағы ынтымақтастық – тек телекоммуникациялық саланың ғана емес, бүкіл ел экономикасының дамуына серпін береді.
Бұл бастама өңір тұрғындарын сапалы интернетпен қамтуға жол ашып, цифрлық теңсіздікті азайтуға ықпал етеді.
Қабылхан ОМАРОВ,
ардагер