Доссор мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы жалғасты

(0 Votes)

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде «Отбасы-тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс жасөспірімдерді зиянды заттардан қорғау, жас өскін жастардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылық ерекшеліктерінің алдын алуды мақсат етті.

Жиналысқа аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Темірбайұлы, білім бөлімінің әдіскері Ерболат Серікқалиұлы, мектеп инспекторы Маржан Бисенбайқызы және Доссор селолық ауруханасының нарколог дәрігері Сәлима Қуантырқызы қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе "Жасөспірімдердің құқық бұзушылығын алдын алу" және "Абайлаңыз, вейп!" тақырыптары қаралып, талқыланды.

Мамандар баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT