Мемлекетіміз шағын бизнесті дамытуды ел саясатының басым бағыты ретінде қарастырады. Сол үшін де жұртшылықтың кәсіппен айналысуына жағдай жасап, сәт сайын сан түрлі бағдарламалар ұсынумен келеді.
Елбасы 2 қыркүйектегі Жолдауында «Үкімет "Атамекен" ҰКП-мен бірлесе отырып, бір ай ішінде көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске, соның ішінде үйде тартуға арнайы бағдарлама әзірлеуі тиіс»-деген болатын.
Қазіргі таңда аудан бойынша халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша көпбалалы отбасылардың кәсіпкерлік негізде оқыту, олардың бизнеспен айналысуына ықпал ету жолға қойылды. Олардың несие алып, іс бастауына, қайтарымсыз грантқа ие болып, шаруасын дөңгелентуіне баса көңіл бөлінуде. Осы орайда 3 көпбалалы ана қайтарымсыз грантқа ие болып, өз істерін бастады.
Жалпы, ауданда өз бетінше кәсіп ашып, еңбек етемін деген адамға қолдау көп. Оның үстіне көпбалалыларға қайтарымсыз грант беру - өзіндік септігі мол шара.
Президент Жолдауы аталған шараны одан әрі дамыта түсуге қолдау болмақ.
Г.ЕДІГЕЕВА,
«Атамекен» ҰҚП аудандағы директоры.