Атырау облысында балық шаруашылығын дамытуға арналған жобалар жүзеге асуда

(0 Votes)

"Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов "Айқын" газетінде жарияланған мақаласында айтты" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Ежелден балық аулау байырғы кәсіп саналатын өңірімізде — балық шаруашылығы саласын дамытуға да басым көңіл бөліп келеміз. 2022 жы­лы Құрманғазы ауданында заманауи технологиялармен жабдықталған балық цехын салу жоспарлануда. Болашақта балық шаруашы­лы­ғын облыс экономикасының бір ті­регіне, үлкен табыс көзіне айнал­дыру ойымызда бар. Биыл ауыл шаруашылығы сала­сында біраз жобалар іске қосылды. Атап айтқанда, Атырау қаласында, Индер ауданында, Махамбет ауда­нында салаға серпін беретін әр түрлі жоба жұмысын бастап, ал Қызылқоға және Махамбет ауданында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр" деп жазды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, өңірдегі негізгі тұщы су көздері Жайық және Қиғаш өзендерінің гидрологиялық режимін жақсарту, сулылығын арттыру, сондай-ақ, балық қорын арттыру мақсатында түп тереңдету және тазалау жұмыс­тары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521