Атом электр станциясын салу көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Электр энергиясына шығындар аз болады: АЭС электр энергиясының тұрақты және арзан бағасын қамтамасыз етеді, бұл компаниялар үшін шығындарды азайтады. Тағы бір артықшылық - инвестиция, яғни, бұл жоба басқа елдерден ақша тарта алады, Бұл бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы мен жұмыс істеуі жергілікті экономикаға көмектесетін жаңа жұмыс орындарын ашады. Іргелес салалардың өсуі де болады: АЭС құрылыс секторы мен технологиялардың дамуына ықпал ететін болады. Тағы бір маңызды плюс – энергетикалық тәуелсіздік. Өйткені, Қазақстандағы АЭС электр энергиясының импортына тәуелділікті азайтуға көмектеседі және экономиканы орнықты етеді.
Мәлік КАРИЕВ,
Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы