Ашық үкімет порталында 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы жобасы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері және ең төменгі зейнетақының көлемі өзгереді.
- жалақының ең төмен мөлшерi – 60 мың теңге (ескерту: жобада 42 500 теңге деп көрсетілген, алайда президент 1 қыркүйектегі жолдауында жалақының ең төмен мөлшерi артатынын мәлімдеді);
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
- жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге.
Informburo.kz