Тәуелсіздікке 30 жыл
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 413
Атырау облысында 52 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы брифинг барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұрберген Құсайынов мәлім етті.
Баяндамашы атап өткендей, ағымдағы жылдың 10 айында облыста 758 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3 пайызға артық.
2020 жылы осы кезеңде 614,6 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 904 мың шаршы метр салынып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
– Қазіргі таңда бюджет қаражаты есебінен 52 тұрғын үй салынуда. Оның 18-і жалға берілетін, 34-і коммерциялық бағыттағы үйлер.
Атырау қаласында екі арендалық үй, аудандарда 16 тұрғын үй салынуда. Шағын ауданда коммерциялық үйлер де салына бастады. Атап айтсақ, Талғайраңда барлығы – 24 үй, Береке ықшам ауданында - 9 үй бой көтереді.
Сонымен қатар, Индербор ауылында тағы бір үй салынуда, – деді Нұрберген Құсайынов.
Биылғы жылдың соңына дейін 21 үйдің құрылысын аяқтау жоспарда.
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 619
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен форум аясында 30 жыл еңбек өтілі бар ардагер-ұстаздар мен оқушыларды шығармашылыққа баулитын қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары марапатталды – деп хабарлайды, Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Оқушының әлеуетін жан-жақты ашу, дамыту, дарындылығын анықтау, функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүзеге асыратын – педагог. Сондықтан да, педагогтар бір-бірінің шығармашылығымен, жетістігімен танысып, тәжірибе алмасып отыруы аса маңызды.
Қосымша шығармашылық орталықтар мен жекеменшік үйірмелердің балалар шығармашылығын кеңейтуде ықпалы зор – деді, облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.
Аталған жиында қала және аудандық қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары бас қосып, шығармашылықтарымен және білім беру саласындағы жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, түрлі үйірме өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, қазір облыста 38 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның 6-ы Республикалық Білім берудің Ұлттық деректер базасына тіркелген жекеменшік ұйымдар. Олардың бала шығармашылығын арттыруда облыстың көрсеткішіне қосар үлесі зор.
Атырау өңірінде 35 779 оқушы қосымша білім беру және шығармашылық орталықтарға қатысады.
Бұдан бөлек, оқушының уақытын тиімді пайдалану, қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп жанынан жұмыс жасайтын 3 166 үйірме бар. Онда барлығы 39 378 бала қамтылған.
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 498
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Түркия еліндегі Ақдениз университетінің профессоры, дизайнер Айдын Зор және өңірге танымал сән саласының шеберлері қатысты – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сән байқауында қала және ауданнан келген 9 дизайнер бақ сынады. Олар «Фольклорлық костюм», «Спорттық костюм», «Классикалық костюм» , «Күнделікті костюм» және «Кешкі көйлек» бағыттарына сай келетін ұлттық киімнің заманауи үлгілерін ұсынды.
Мақсат - мәдени кеңістіктегі дәстүрлі және стильді ұлттық ерекшелігін таныту , дамыту және дәріптеу.
Байқау нәтижесінде, жүлделі 3-ші орынды жас дизайнер Айзада Кененова иеленіп, 2-ші орын сән саласының шебері атанған Айсұлу Оразбаеваға бұйырды. Ал, 1-ші орынды Эльза Қайыржанқызы қанжығасына байлады. Байқаудың бас жүлдесін құрманғазылық Шарбану Амирова иемденді.
Сән байқауының барлық қатысушыларына ақшалай сертификаттар табыс етілді .
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 337
Алдағы уақытта журналист атындағы шәкіртақы тағайындау жоспарда.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бас ғимаратында белгілі журналист, Қазақстан журналистика академиясының академигі Михаил Дорофеевтің есімі берілген аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн форматта қатысты. Атырау облысы әкімінің орныбасары Нариман Таушов, университет ректоры Саламат Идрисов және қаламгердің әріптес-достары құттықтау лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.
- Михаил Викторович Атырау университетінің түлегі болатын. Ол саналы ғұмырын отандық журналистиканың дамуына арнап, талай белді басылымдар мен телеарналарда абыройлы қызмет етті - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
Заманауи құралдармен жабдықталған аудиторияның лентасын ардагер-журналист Любовь Монастырская мен «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қанат Әуесбайұлы қиды.
Михаил Дорофеев еңбек жолын Атыраудағы «Жарық» телеарнасында бастап, Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде жалғастырды. 1998 жылы Алматыға қоныс аударып, республикалық «КТК» телеарнасында еңбек етті. Одан бөлек, елімізге танымал «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде бас редактордың орынбасары, «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры, «Эра» телекомпаниясы» ЖШС және «Жетінші арна» телекомпаниясының бас продюсері қызметтерінн абыроймен атқарды. Ол қазақстандық телекөрерменге «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) сынды танымал телевизиялық бағдарламаларды жүргізу арқылы танылды.