Атырауда «Қосымша білім беру педагогінің шығармашылығы» атты облыстық форум өтті

(0 Votes)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен форум аясында 30 жыл еңбек өтілі бар ардагер-ұстаздар мен оқушыларды шығармашылыққа баулитын қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары марапатталды – деп хабарлайды, Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


- Оқушының әлеуетін жан-жақты ашу, дамыту, дарындылығын анықтау, функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүзеге асыратын – педагог. Сондықтан да, педагогтар бір-бірінің шығармашылығымен, жетістігімен танысып, тәжірибе алмасып отыруы аса маңызды.

Қосымша шығармашылық орталықтар мен жекеменшік үйірмелердің балалар шығармашылығын кеңейтуде ықпалы зор – деді, облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Аталған жиында қала және аудандық қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары бас қосып, шығармашылықтарымен және білім беру саласындағы жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, түрлі үйірме өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, қазір облыста 38 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның 6-ы Республикалық Білім берудің Ұлттық деректер базасына тіркелген жекеменшік ұйымдар. Олардың бала шығармашылығын арттыруда облыстың көрсеткішіне қосар үлесі зор.

Атырау өңірінде 35 779 оқушы қосымша білім беру және шығармашылық орталықтарға қатысады.

Бұдан бөлек, оқушының уақытын тиімді пайдалану, қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп жанынан жұмыс жасайтын 3 166 үйірме бар. Онда барлығы 39 378 бала қамтылған.

whatsapp-image-2021-11-22-at-13_42_44

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT