banner_damu

Республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығы – 2021: 25 қазанда қатысушыларға онлайн дауыс беру басталады

(0 Votes)

Ел көлемінде өтіп жатқан байқауға мұнайлы өңірден де бір топ қайырымды, жомарт жандар қатысуда.

Атырау облысынан ұсынылған жомарт жандарды, белсенді азаматтарды, үздік ұжымды қолдауға шақырамыз.

Төменде көрсетілген сілтеме бойынша дауыс беруге шақырамыз.

Атырау облысы бойынша 2021 жылғы «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері:

№ Облыс атауы: Атырау облысы

«Жыл меценаты»: Розметов Владимир Федорович «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы, «Сүйіндік мал шаруашылығы» ЖШС, «Жасқайрат малшарушылығы»АҚ кәсіпорнының құрылтайшысы

«Жыл тұлғасы»: Досқалиева Әйгерім Жәрдемқызы «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жетекшісі

«Туған өлке»: «Атамекен Эко» қоғамдық қоры – директоры Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы

«Жылдың үздік ұйымы»: «Эко-Техникс» ЖШС, директоры Титов Михаил Андреевич

«Жылдың үздік қамқоршысы»: Алипов Ибрагим Аманбайұлы – «Жайық Бетон Констракш» ЖШС, «Bastau Constructio» ЖШС, «Каспий-Экспо». ЖШС директоры

 

«Жомарт жүрек» сыйлығының номинанттарына онлайн-дауыс беру 25-29 қазан күндері https://ruh.kz сайты арқылы жүргізіледі.

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреттарын республикалық деңгейдегі салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 16 қараша күні өтеді.

Айта кетейік, «Жомарт жүрек» – бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы.

Аталған сыйлық Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан Қайырымдылық жасаушыларды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару мақсатында тағайындалған.

Айша

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика