«SportFEST Kazakhstan»  ІІІ республикалық спартакиадасы басталады

(0 Votes)

Қазақстандық мектеп оқушылары арасындағы «SportFEST Kazakhstan»  ІІІ республикалық спартакиадасы қараша айында басталып, 2022 жылдың маусым айына дейін жалғасады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алдағы уақытта жарыстар республика бойынша 15 қалада өтеді.

«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының іріктеу кезеңіне республиканың 14 облысынан 210 аудан қатысады.

Еске сала кетсек, олимпиадалық спорт түрлерінің қатарында: шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол, ұлдар арасында футзал, әскери қолданбалы спорт, тоғызқұмалақ бар.

Спартакиада екі іріктеу кезеңінен тұрады. Алдымен барлық облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өтеді. Бұл кезеңде аудандық,  облыстық маңызы бар қала командалары өзара жарысады.

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Коммуникациялық бастамалар мен стратегиялар қорымен» ЖҚ бірлесіп іске асыруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521