Тәуелсіздікке 30 жыл
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 779
Шақалақтардың 28-і ұл және 28-і қыз балалар. Бұл туралы аудан сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі - 16 желтоқсан күні 37 бала дүниеге есігін ашқан. Жас босанған аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында "Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, "Қазпошта" АҚ АОФ шақалақтардың тууы туралы куәліктерін жедел рәсімдеп отырды.
«Қос мерекенің бақытын сезінген аналардың арасында Махамбет ауданының тұрғыны Айғаным да бар. - Еліміз үшін ұлық мерекеде қызды болу — біз үшін үлкен бақыт. Енді әкесінің ерке қызы Фатимамыз бар,- дейді жас босанған ана.
Жас атыраулықтардың арасында есімдері ерекше Әміре, Айдай, Айшын, Нұрислам, Нұрсейіт сынды тәуелсіз елдің жас ұрпақтары бар» дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 774
Махамбет ауылдық округінде әлеуметтік жағдайы төмен екі жанұяға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тәуелсіздік күнімен қатар келген айтулы шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қатысып, қоныс иелерін құттықтады.
- Тәуелсіздік жылдарында еліміз әлеуметтік бағыттағы көптеген бағдарламаларды жүзеге асырды. Жұмыспен қамту, баспанамен қамту, өндіріс орындарын ашу арқылы, аймақтарды дамытуда айтулы нәтижелеріміз бар. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қамқорлық жалғаса береді, - деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген жоспарға сәйкес, Махамбет ауданында биыл мұқтаж отбасына 6 үй беру жоспарлануда.
Алғашқы 2 бөлмелі, 2 пәтерлік тұрғын үйдің кілттері Эленора Аюсина мен Мөлдір Аймағамбеттің отбасына табысталды.
"Жеке үйлі болу - көптен күткен қуанышымыз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризамыз" , - дейді баспана иелері.
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 1175
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Атырау облысы Полиция департаментінің бір топ қызметкері арнайы марапаттарға ие болды – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ішкі Істер органы саласының дамуына айрықша үлес қосып жүрген тәртіп сақшылары ҚР Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың құттықтау хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары “Ішкі Істер органдарының құрметті қызметкерлеріне төс белгісі”, “Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасы”, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі және ІІ дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төс белгісі табысталды.
Салтанатты іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың атынан құттықтады.
- Қазақстандықтар үшін еліміздің тәуелсіздігі мемлекетіміздің тарихындағы жаңа дәуір бастауына жол ашты.
Қазақстандық полиция азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін лайықты деңгейде қамтамасыз ете отырып, табанды қызмет ететіндеріне сенім білдіремін. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 732
Атыраудағы жалпы білім беретін №37 орта мектепке Салық Зимановтың есімі беріліп, білім ордасының аллеясына қайраткердің ескерткіші орнатылды – деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушев, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Парламент Мәжілісінің депутаты Нәзилә Раззак, қоғам қайраткері Ирак Елекеев, Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов, Салық Зимановтың келіні Жанна Зиманова қатысты.
Олар Салық Зимановтың еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісіп, туған топырағында еңселі ескерткіштің орнатылуын академикке көрсетілген үлкен құрмет деп бағалады.
- Бүгін академик Салық Зиманұлы Зимановтың ескерткіші ашылуда. Бұл үлкен тағылымы бар оқиға. Қайраткер есімі мектепке де беріліп отыр. Академиктің 100 жылдығына арналған шаралар әлі де жалғасады – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушев.
Салық Зиманұлы Зиманов – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты.
Салық Зиманов – саналы ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған адам. Әйгілі ғалым егемендік елең-алаңында Тұңғыш Конституцияны әзірлеуге айрықша үлес қосты.
Академик білікті заңгер маман ретінде Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу ісінде өзінің қолтаңбасын қалдырды.
1992–93 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.
Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» (25.10.1990) жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса маңызды саяси актінің – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның (16.12.1991) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды.
- Автор: Эльмира
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Read Time: 1 min
- 419
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері арасында спартакиада басталды.