Олар Түркияның Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын 7-19 ақпан аралығында жоюға атсалысқан еді.
Отандастарымызды Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи қарсы алып, атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.



Жалпы апат аймақтарында 100-ден астам қазақстандық маман жұмыс істеді. Олар 7 адамды құтқарып, қирандылар астынан 88 адамның мәйітін шығарды.
@baq_kz
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						


 
 