2020 жылдың 16 шілде күні сағат 14:52-де .Нұрсая мөлтек ауданы, К. Маденова көшесі 1 "А", "Сарайшық" коммуналдық базарының ішінде 50 шаршы метр аумақта 3 азық-түлік дүңгіршегінің жануы болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел түрде 6 минут ішінде жетті.
Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілерінің дер кезіндегі жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт ауыздықталып, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.
Өрт сағат 15:15-те оқшауланып, 15:51-де толығымен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі анықталуда.