Қызылқоға. "Миялы - Сағыз" тас жолын су шайып өтіп, қатынас қиындады

Қызылқоға. "Миялы - Сағыз" тас жолын су шайып өтіп, қатынас қиындады
(0 Votes)

 1 сәуір 2.00 сағаттағы ақпарат бойынша, әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтарды 4 автобус арқылы 3 эвакуациялық пункттерге (сыйымдылығы 180, 300, 270) 560 тұрғын көшірілді.

Қазіргі таңда, Миялы ауылын су басу қауіпі жоғары деңгейде. Тасқын су «Миялы-Сағыз» тасжол бойын шайып өтіп, жол қатынасы қиындады.

Ойыл бойында орналасқан 407 шаруа қожалық иелеріне қауіпсіз аумаққа төрт түлік малдарын көшіру жөнінде алдын ала ескерту беріліп, Жамбыл, Жангелдин, Ойыл, Тайсойған округтеріндегі 7 шаруа қожалығынан 2209 қой-ешкі, 448 мүйізді ірі қара, 138 жылқы, 20 түйе және 14 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Ауыл іргесіне бөгет көтеру, қапшыққа құм толтыру, жағаларды биіктету жұмыстарына 275 мекеме қызметкерлері, 48 полиция қызметкерлері, 35 төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және 3000-нан астам еріктілер жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 судан құтқару жасағы, 80 құтқарушы ауданға көмекке келді. Сонымен қатар, 1 трэкол, 1 вахтовка, 1 уаз, 3 арнайы техникалар мен 3 маторлы қайық келді. Аудан бойынша 65 арнайы техника жұмыс атқаруда. Миялы ауылында 16 техника жұмыс атқаруда.

Облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы арқылы «Нұркапитал» ЖШМ- нен 1 бульдозер, «Сұңқар Құрылыс ЛТД» ЖШС 1 погрузчик, 1 экскаватор, «Темірстройсервис» ЖШС-нен 1 погрузчик, 1 экскаватр, «Нұркапстройгаз» ЖШС-нен 1 погрузчик техникалары көмекке келе жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT