COVID-19 індетін жұқтырған 13 адам анықталды

(0 Votes)

Қызылордада Атыраудан келген 13 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыста індет жұқтырғандар 245 адам бар . Олардың 188-і сырқатынан емделіп шықты.

«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 13 адам анықталды. Оның 2-уі Қызылорда қаласынан болса, 2-уі Арал, 2-уі Қазалы, 2-уі Қармақшы, 2-і Шиелі, 3-уі Жаңақорған аудандарынан.

Олардың барлығы Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін облысымыздың тұрғындары. Бүгінгі таңда барлығының жағдайы бірқалыпты»,- деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

                                                         

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521