Қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстан халқының нақты табысы 6,4 процентке өскен. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
«Халықтың нақты табысы 6,4%-ке өсті», - деді министр үкімет отырысында.
Айтуынша, қаңтар-қазан айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4%-ке жеделдеген.
«Экономика өсіміне инвестициялық белсенділік, ішкі сұраныстың, шағын және орта бизнес үлесінің ұлғаюы, өнеркәсіптің кіші салаларындағы өсім, сонымен бірге мұнай өндірудің қалпына келуі әсер етті», - деді ол.
Есепті кезеңде инвестициялар 8,2%-ке өскен. Ал ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,5%-ке дейін артты. Өнеркәсіп өндірісі де орнықты өсу үрдісін сақтап отыр. Мұнай өндіруді қалпына келтіру есебінен кен өндіру өнеркәсібінде өсім 3,7%-ке артты.
Сурет: ашық дереккөзден