Атырауда көппәтерлі тұрғын үйдегі сыра бары өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«27 маусым күні 18:26-да шақырту түсті. Қоңырау шалған адам Атырау қаласы Амангүл ауданында көппәтерлі үйдің астында орналасқан «Bretzel» ресторанынан өрт шыққанын хабарлады. Өрт сөндірушілер барып, ресторан ішіндегі сыра барының 70 шаршы метр аумағы өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт болған кезде ресторан жұмысы тоқтап тұрған. Тілсіз жау ресторанның қойма бөлігінде сымның тұйықталуынан шықты деген болжам жасалды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар» ММ-ге қарасты 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау 19:09-да толықтай ауыздықталды» делінген хабарламада.
Ведомство мәліметіне сай, оқиға кезінде ешкім жапа шекпеген.