Олардың тең жартысы (14) алдағы бес күннің ішінде шығады. Көбі еліміздің әр түрлі өңірінің тұрғындары, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Олардың қолына 14 күн карантинде жатқаны туралы және коронавирус инфекциясы бар-жоғын тексеретін тесттен өткені туралы, оны жұқтырмағаны жайлы арнайы анықтама беріледі.
Сол құжат арқылы да блок посттардан кедергісіз өте алады. Сонымен қатар, жергілікті штаб, ол азаматтардың тіркелген аумағындағы штабқа олар туралы да ақпарат береді. Яғни Төтенше жағдай ережелеріне сәйкес, олардың өз аумақтарына кіруіне де ешбір кедергі болмайды.
Сурет:ӨКҚ