10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

(0 Votes)

10 қаңтар, яғни бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні.

8 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай Жарлыққа қол қойды.

Тәртіп бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылады. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 11-ші рет жарияланып отыр. Ал бұл қазақстандықтар үшін соңғы екі жылдағы төртінші қаралы күн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521