«Жасөспірім» іс-шарасы: жастар арасында жүгіруден марафон өтті

«Жасөспірім» іс-шарасы: жастар арасында жүгіруден марафон өтті
(0 Votes)

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Атырау көлік және коммунникация колледжінің ұйымдастыруымен «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында жүгіруден марафон өтті. Марафонға 40 спортшыдан құралған әртүрлі колледж студенттері қатысып, бақ сынады. Шараның мақсаты – спорт арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қылмысын болдырмау және нашақорлықтың алдын алу. Мықтылар бақ сынасқан марафонда үздіктердің қатарынан көрінген спортшылар алтын, күміс және қола жүлде иегерлері атанды. Жеңімпаздарға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан бағалы сыйлықтар табысталды. 

– Жастардың денсаулығы – еліміздің салауатты болашағының кепілі. Жүгіру сияқты спорт түрлері балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ жеңіске ұмтылу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі. Спортқа деген сүйіспеншілікті ояту – біздің басты міндетіміз, – деді полиция подполковнигі Марьяна Джангалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT