Р.Отарбаев атындағы III республикалық театр фестивалі өтеді

(0 Votes)

 Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында БАҚ өкілдерінің қатысуымен  «Жалғыздық» шығармасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Премьераны тамашалауға  БАҚ өкілдерімен қатар, жазушының жары Сәуле Отарбаева қатысты. Қойылым  Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық  театр фестивалі аясында сахналанды. Қоюшы режиссері –  Махамбет атындағы облыстық  драма театрының Бас режиссері Мұқанғали Томанов.   Оның айтуынша, Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесінің жазылу стилі өзгеше, терең дүние.

whatsapp-image-2019-11-14-at-14_13_12

-    Қойылымда В.Высоцкий әндері пайдаланылады. Мұнда сөзі аз болғанымен иірімдері жетерлік.  Қойылымның ерекшелігі – жан дауасын іздеп келетін жолаушыны қарсы алатын топтасқан «Адамдар» легінде. Ал, өзектілігі – бес күндік жалған ғұмырдың әр сәтін бағалай білуде, - дейді Мұқанғали Томанов.

whatsapp-image-2019-11-14-at-14_13_15

Айта кетейік, 18-22 қараша аралығында Атырау қаласында Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивалге  еліміздің  9 театр ұжымы қатысады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT