Атыраулық теннисшілер үздік атанды

(0 Votes)

 Павлодар қаласында 7–12 сәуір аралығында пара үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында ҚР чемпионаты өтті. Гүлнар Иманалиева бастаған облыс спортшылары жалпы командалық есепте 9 алтын, 7 күміс, 4 қола жүлдемен бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған спорттық додаға 11 облыстан келген 47 спортшы қатысты. Атыраулық 8 спортшы жекелей, жұптық, аралас жұптық сын бойынша бар күштерін салды.

Нәтижесінде жекелей сында Жұлдыз Ерубаева, Али Махулбеков, Маханбет Насихан алтын жүлдеге ие болды. Нұрқожа Қадырбек, Айнамкөз Мақсатқызы, Ақселеу Жұмаш күміс жүлде жеңіп алса, Тоққожа Қадырбек, Ақмөлдір Тлеукулова қола жүлдеге ие болды.

Жұптық сында Тоққожа Қадырбек пен Нұрқожа Қадырбек, Али Махулбеков пен Маханбет Насихат ақтөбелік спортшымен бірге, Ақселеу Жұмаш пен Ақмөлдір Тлеукулова Астана қаласының спортшысымен ойнап алтын жүлдеге ие болды. Ал Жұлдыз Ерубаева мен Айнамкөз Мақсатқызы қола жүлдеге қол жеткізді.

Аралас жұптық сында Али Махулбеков, Жұлдыз Ерубаева жұбы күміс жүлдеге ие болды. Ал Маханбет Насихат, Айнамкөз Мақсатқызы жұбы қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР ұлттық құрама сапына 15 спортшы бар. Оған қоса келесі жылы тағы 8 спортшы бекітелетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT