Атыраулық бүлдіршіндер «SUMMER DANCE FEST» халықаралық баи‌қауынан жүлдемен оралды

Атыраулық бүлдіршіндер «SUMMER DANCE FEST» халықаралық баи‌қауынан жүлдемен оралды
(0 Votes)

 Ақтау қаласында өткен XIV халықаралық «SUMMER DANCE FEST» хореографиялық өнер байқауынан «ART LIFE» студиясының бишілері 2-ші және 3-ші орынды иеленді. Бұл туралы студия басшысы Алия Саянова мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 ⁃Заманауи би бағытында екі нөмірмен шығып, 2-ші және 3-ші орындарды иелендік. Студияның 10 биші қызы да бірінші рет қатысқандықтан қобалжыды, соған қарамастан бар өнерлерін көрсетті. «ART LIFE» би студиямыз Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Ақсай селосында орналасқан. Алда әлі да сайыстар бар, бұдан да жақсы дайындалып, жоғары жетістіктерге жетеміз деп үміттенеміз,- деді А.Саянова.

Аталған конкурсқа Қызылорда, Талдықорған, Орал, Ақтөбеден өнерпаздар қатысты. Олар әртүрлі би түрлерінен, яғни ұлттық, жеке орындаудағы, заманауи биден бақ сынады. Қатысушылар 8-11 жас аралығында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521