Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына арналған Жолдауы 7 бағытта тұрады.
Мұнда елге керекті өзекті мәселелердің шешу жолдарын қамтыған. Соның ішінде экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктеу керектігін атап өтті.
Жолдауда Президент медицина саласы да сөз болды. Оның ішінде ауылдағы медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында былтыр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілген. Жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналықсанитарлық көмек нысанын, оның ішінде 253 медициналық пункт, 242 фельдшерлікакушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.
Бұл көңіл қуантарлық жаңалық. Біздің міндетіміз- Жолдауда көрсетілген бағдарларға қол жеткізу үшін белгіленген мақсаттарды белсенді қолдау және іске асыру.
Асулан Абдрахманов,
Жылыой аудандық орталық ауруханасының басшысы