Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау керектігін ерекше атап өткен болатын.
Бұл бастама кәсіпкерлерді шектен тыс тексерістерден қорғап қана қоймай, жалпы іскерлік ортаны жақсартуға ықпал етеді. Қазіргі кезде заңдар мен кодекстердің көптігі, олардың бір-біріне қайшы келуі бизнестің дамуына үлкен кедергі болып отыр. Жасанды интеллектті енгізу заңнаманы ретке келтіріп, тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ал жаңа орталықтың құрылуы реформалардың жүйелілігін қамтамасыз етіп, кәсіпкерліктің еркін әрі ашық дамуына жағдай жасайды.
А.Оңғарбай,
кент тұрғыны