МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?

МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?
фото: kazaknews.kz
(0 Votes)

«МӘМС жүйесінде "сақтандырылған" мәртебесін алу үшін дербес төлеушілерге енді соңғы 12 айдағы аударымдар бойынша берешекті өтеудің қажеті жоқ. Олар бір жылға алдын ала жүйеде сақтандырылуы мүмкін» - деп тоқталып өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысы бойынша филиалы директоры Байтолла Газизов. 

Бұл жердегі дербес төлеушілер деген кімдер?

Дербес төлеушілер қатарына ресми түрде жұмыс істемейтіндер, жеке кәсіпкер (ЖК) емес тұлғалар төлей алады .

Бір жыл бұрын қанша төлеу керек?

Бір жыл ішіндегі МӘМС жарналарының сомасы 51000 теңгені құрайды, әр айға жеке 4250 теңгеден төлеу қажет.

МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде қалай төлеу керек?

Жарналарды ағымдағы айдан бастап төлеу керек. Егер қазір ағымдағы ай 2024 жылдың сәуір айы болса, онда жарналарды "24 сәуір - 25 наурыз" кезеңі үшін төлеу керек. Жарналарды әр ай үшін жеке төлеу қажет (4250 теңгеден). Жарналарды кез келген банкте, АҚ "Қазпошта", төлем терминалдары немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

2023 жылдың кезеңдеріне МӘМС жарналарын қандай сомалар бойынша төлеу қажет?

2024 жылы 2023 жылдың кезеңдері үшін төлеген кезде МӘМС жарналарын өткен жылдың, яғни 2023 жылдың сомасы бойынша ай сайын 3500 теңгеден төлеу қажет.

МӘМС-те сақтандыру мәртебесі қанша уақыттан кейін беріледі?

Егер барлық шарттар орындалса: болашақ 12 ай төленген болса (ағымдағы айдан бастап) барлық 12 төлем бір күнде төленсе, сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі.

«12 айға алдына ала төлем жасаған кезде дербес төлеуші сақтандырылған мәртебесін және де МӘМС пакеттеріндегі медициналық қызметтерге бір жыл бойына қол жетімділік иеленеді. Әрі қарай, осы кезеңнен кейін мәртебесін сақтап тұруы үшін тұрақты жарналар салуды жалғастыра алады. Бұл МӘМС жүйесіне қатысудың балама тәсілі, ол қолданыстағы әдісті жоймайды. Яғни, дербес төлеуші ағымдағы қарызын өтеп те, мәртебесін ала алады» – деп атап өтті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Газизов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521