Коронавирус жұқтырған атыраулық екі әйел босанды

(0 Votes)

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды - деп, хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

№2 Атырау облыстық ауруханасында коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды. Аталған аурухананың білікті хирургтары мен анестезиолог мамандары, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинекологтары және акушер құрамы мен неонатологтар оларды аман-есен босандырып алды.

whatsapp-image-2020-05-12-at-23_08_54-2

Салмағы- 3,620 келі бойы-53 см болып туылған дені сау қыз баланы 29 жастағы әйел кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал, 24 жастағы әйел өздігінен  салмағы-4,270 келі бойы- 56 см  ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден Covid-19-ға талдау алынды, нәтежисі ертең шығады деп күтілуде.

whatsapp-image-2020-05-12-at-23_08_54-1

«29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында коронавирус инфекциясының симптомсыз расталған жағдайымен қабылданған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында"- дейді  №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары  Надя Ерғалиева.

whatsapp-image-2020-05-12-at-23_08_53

Айта кету қажет, босану уақыты жақындаған 29 және 24 жастағы жүкті әйелден коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтиже бергендіктен аталған аурухананың изоляторына жатқызылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521