Батыс Қазақстан облысында омикрон штамы табылды. Бұл туралы "Уральская газета" жазады.
"БҚО-да коронавирус жұқтырған науқастар сынамасында омикрон штамы анықталды", - деді облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті өкілдері.
Қазір дүние жүзінде коронавирустың жаңа штамы тарап жатыр. 26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, қатты мутацияланған нұсқасының ашылғанын ресми түрде жариялады.
"Омикрон" Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.